www.serpilis.wordpress.com

Главная » «Үздік сабақ – 2017» » «Үздік сабақ – 2017» байқау сарапшысы: Нусупбекова Мейрамгуль Барказатовна

«Үздік сабақ – 2017» байқау сарапшысы: Нусупбекова Мейрамгуль Барказатовна

Нусупбекова Мейрамгуль Барказатовна 02.05.1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген.

Пед. өтілі: 30 жыл. Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетін 1985 жылы бітірген. 1985-1998 жж. Алматы облысы, Алакөл ауданының Қазақстан, Обуховка, Жанама орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етті.

1999 жылдан Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

Мамандығы бойынша категориясы: жоғары деңгейлі, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2008 ж.«Сөз өнері» элективті курсын жазды, бұл бағдарламасы қала, республика көлемінде таратылған.

2010 жылы «Қазақ тілі»,«Сөз мәдениеті», «Диктанттар жинағы»«Қазақ тілі» оқу – әдістемелік нұсқаулықтың, «Қазақ әдебиеті. Дидактикалық материалдары» (10-сынып) оқулықтарының сараптамалық комиссиясының құрамында болды.

2011 жылы «ҰБТ-ға сапалы дайындаудың жолдары» әдістемелік — нұсқаулықта «Лексикадан өткенді қайталау» тақырыбындағы тәжірибесі, 2013 жылы «Алматы ұстазы» республикалық ақпараттық- әдістемелік журналына «Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту — уақыт талабы» атты мақаласы жарияланды.

Нусупбекова Мейрамгуль Барказатовна — оқушыларға заман талабына сай білім беріп келе жатқан білікті маман. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік курсын бітірді.

2012 жылы қалалық білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін Т.Тасболатовтың «Құрмет грамотасымен», мектептегі «Білім беру сапасы» шеберханасы жұмысы бойынша бірнеше мұғалімдерге әдістемелік көмек бере отырып,2013-2014 оқу жылында 6 мұғалімнің 7 авторлық бағдарлама жасауына жетекшілік етті.

2012 жылы ҰБТ –дағы жетістігі үшін Түрксіб ауданының Әкімі Устюговтің «Алғыс хат», Алматы қаласы Әкімі А.С.Есімовтің «Құрмет грамотасымен», Түркияның Аланья қаласындағы халықаралық балалар мен жастар феcтиваль — байқауында І орын иеленген оқушыларының жетістігі үшін консул Б.Қ.Абдырашевтің мақтау қағазымен, Түркиядағы Қазақстан Республикасының елшісі Ж. Түймебаевтің мақтау қағазымен марапатталды.

2013 жылы І қалалық педагогикалық оқуға қатысқаны үшін «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Р.Б.Ахмедованың «Алғыс қағазымен» марапатталды.

2013-2014 оқу жылында оқытқан түлектері ҰБТ көрсеткіші бойынша қазақ тілі пәні 22,5 пайызды көрсетті. Оқушысы Асмагиева Айгерім «Алтын белгі» иегері атанды.

2014 жылы тамыз конференциясында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселелерді жаңа технологияларды пайдалану арқылы шешу» тақырыбына шеберлік сабағын өткізді.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Республикалық эссе байқауында оқушылардың шығармашылық биіктен көрінуіне үлес қосқаны үшін ҚР Білім және ғылым министрі А. Б. Сәрінжіповтің мадақтамасын алды.

2015-2016 оқу жылында «Сөз.Сөйлем талдау және стиль» элективті курс бағдарламасын жазып шықты.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s

%d такие блоггеры, как: